16:50, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Таяушығыстық мұнай өндіруші елдердің экономикасын дағдарыс соққысы күтіп тұр
ВАШИНГТОН. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – Халықаралық валюта қоры сарапшыларының болжамына қарағанда, 2009 жылы «қара алтынның» сатылуынан түсетін табыс азаюына байланысты таяушығыстық мұнай өндірушілердің экономикалық көрсеткіштері төмендеуі күтілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі РБК агенттігіне сілтеме жасап. Сарапшылар бұл елдерің экономикасының өсімі орта есеппен 3,6% болады деп болжам жасауда, 2008 жылы бұл көрсеткіш 5,6% деңгейінде болған еді. Негізгі соққы мұнай құнының және өндірудің төмендеуінен болмақ. Халықаралық валюта қоры өкілдерінің пікірінше, 2009 жылы «қара алтынның» бағасы барреліне 50 доллардың айналасында болмақ.Парсы шығанағының мемлекеттері әлемдік дағдарыс салдарымен күрес ауқымында тұтынушылық белсенділікті ынталандыруда. Өкімет орындарының бақылауы арқасында осы кезге дейін Сауд Арабстаны мен Иранда бензин әлемдегі ең арзан күйінде қалып отыр.