«Тайқазан» ТМД елдеріндегі ұлттық тағам дайындайтын бағасы қолжетімді желілік мейрамханалар рейтингін бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Travel.ru туристік сервисі ТМД елдерінің бағасы қолжетімді ұлттық тағам дайындайтын желілік мейрамханалардың рейтингісін жариялады. Рейтинг Интернет желісіндегі және турсервис пайдаланушыларының пікірлерін есепке алып жасалды.

«Тайқазан» ТМД елдеріндегі ұлттық тағам дайындайтын  бағасы қолжетімді  желілік мейрамханалар рейтингін бастады

Рейтингіге бағасы қолжетімді ұлттық тағам ұсынатын дәмханалар мен мейрамханалар кірді. Мұндай орындағы түскі ас орташа 300 рубль тұрады. Рейтингке Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армениядағы астаналық желілік орындар кірді.

«Тайқазан» мейрамханасы ТМД елдері бойынша ұлттық тағам дайындайтын арзан мейрамхана рейтингісін бастады.

Туристердің топ-бестігінен ТМД-дан Тайқазан (Астана мен Алматы), Тубетей (Қазан), Васильки (Минск пен Витебск), Теремок (Мәскеу мен Санкт-Петербор) және Карас (Ереван) мейрамханалары мен дәмханалары орын алдыі.

1. Үй тағамдары, жылдам қызмет, қолжетімді баға шығыс интернационалдық тағам түрлерін ұсынатын «Тайқазан» мейрамханалары мен дәмханаларының артықшылығы болып табылады. «Тайқазан» желісіне Астана, Алматы, Ақтөбе, Шучинскідегі (Бурабай курорты) ондаған дәмханалар мен мейрамханалар кіреді. Лағман, манты, қуырылған ет және т.б. пісіреді.

2. Тубетей (Қазан)
"Тубэтэй" жылдам тамақтану желісіне Қазан, Нижнекамск және Болгардағы орындар кіреді. "Тубетей" дүңгіршектері халал өнімдерден ұлттық татар тағамдарын ұсынады, оның ішінде эчпочмак, кыстыбый, элеш, губадия, чак-чак, бауырсақ және татар шайы бар. "Тубэтэй" сондай-ақ тәттілерге тапсырыс қабылдап, жеткізуді ұйымдастырған.

3. Васильки (Минск пен Витебск)
Минскі мен Витебскіде орналасқан "Васильки" мейрамханалар желісі белорусь ұлттық тағамдарын ұсынады, атап айтқанда, үй ащы сорпасы, драник, тауық зразасы, алма бәліші т.б. ұсынады.

4. Теремок (Мәскеу және Санкт-Петербор)
"Теремок" желісіне Мәскеу, Петербор, Краснодар, Түмен және Сургут сауда орталықтарында жылдам әзірленетін тағам түрлерін әзірлейтін 280 орын кіреді. "Теремок" асханасының бағасы қолжетімді. Ол түрлі дәмді тағамдарымен ерекшеленеді. Мәзірінде сорпа, түшпара, құймақ, ботқа, ірімшік, балалар түскі асы және т.б. бар.

5. Карас (Ереван)
"Карас" ұлттық асхана желісіне Армения астанасы мен Цахкадзордағы оннан астам орын кіреді. Ас мәзіріне армян мен кавказ асханасының хачапури, кәуап, микс-сорпа, хашлама, долма, балалар тағамдары кіреді. Тағамды үйге жеткізу ұйымдастырылған.