Тайланд премьерінің міндетін атқарушы үкімет басшысы лауазымына үміткер ретінде өзін ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM - Тайланд премьер-министрінің міндетін тқарушы Анутхин Чанвиракун сәрсенбі күні үкімет басшысы лауазымына үміткер ретінде тіркелетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа.

Анутхин Чанвиракун
Фото: Синьхуа

Ол алдағы Ұлттық ассамблеяның (парламенттің) төменгі палатасы — Өкілдер палатасына өтетін сайлауда «Пхумчайтхаи» («Таиланд мақтанышы») партиясынан үміткер ретінде бақ сынайды.

Бангкокта партиясы ұйымдастырған сайлауалды науқанның басталуына арналған шарада сөйлеген Анутхин Чанвиракун әрдайым халықтың үніне құлақ асып келгенін айтты. Егер жұртшылық «Пхумчайтхаи» партиясына қайтадан сенім білдірсе, ол премьер-министрдің міндетін атқара беретінін, бүкіл тай халқы үшін тұрақты, өркендеген әрі орнықты болашақ қалыптастыруға күш салатынын жеткізді.

Таиландтың сайлау комиссиясы 15 желтоқсанда парламенттің жаңа шақырылымдағы Өкілдер палатасына сайлау 2026 жылғы 8 ақпанда өтетінін хабарлады. Барлық саяси партиялар премьер-министрлікке үміткерлер тізімін 28–31 желтоқсан аралығында ұсынуы тиіс.

Осыған дейін Тайландтың бұрынғы премьер-министрі бір жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы жаздық.