Тайланд студенті «Әлем аруы-2025» байқауында жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – «Әлем аруы-2025» халықаралық сұлулық байқауында таиландтық Сучата Чуангсри жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazinform байқаудың ресми сайты missworld.com-ға сілтеме жасап. 

Тайланд студенті «Әлем аруы-2025» байқауында жеңіске жетті
Фото: Mohammed Aleemuddin

72-ші рет өткен байқауда әлемнің әр елінен келген 108 бойжеткен бақ сынады. 

21 жастағы Сучата Чуангсри жеңімпаз деп танылды.

Ол халықаралық қатынастар факультетінің студенті және модель болып жұмыс істейді. Сучата сонымен қатар психология мен антропологияға қызығушылық танытады және сүт безі қатерлі ісігін зерттеу ұйымдары еріктілерінің қатарына енген. 

Сұлу бойжеткен байқау тарихындағы «Әлем аруы» тәжін жеңіп алған Тайландтың алғашқы өкілі болды. 

– Бұл тек менің жеңісім емес. Алдағы уақытта «Әлем аруы» атағымен көп жетістікке, үлкен өзгерістерге қол жеткізуге тырысамын, - деді жеңімпаз. 

Жарыстың финалы Үндістанның Хайдарабад қаласында өтті. Бірінші вице-мисс атағы эфиопиялық Хасет Дередже Адмассуға берілді. 

Бұған дейін «Әлем аруы-2024» байқауында даниялық бойжеткен жеңімпаз болған еді. 

Соңғы жаңалықтар