Тайландта волейболдан жастар арасында ерлер командаларының XV Азия чемпионаты өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Тайландтың Нахонпатом және Ратчабури қалаларында өтіп жатқан жастар арасында ерлер командаларының XV Азия чемпионатында қазақстандықтар ертең Мальдивы құрамасымен кездеседі,

Тайландта волейболдан жастар арасында ерлер командаларының XV Азия чемпионаты өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазанның 1-і күні жалауын көтерген бұл турнирде Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы кезеңде "С" тобында өнер көрсетті. Олар бірінші ойында Қытай спортшыларына 3:2 есебімен есе жіберген еді. Екінші кездесуде вьетнамдық құрдастарын (3:0) айқын басымдықпен ұтты. Алайда топтық кезеңнің соңғы ойынында 2:3 есебімен кореялықтардан ұтылып қалды. Бүгін барлық командалар бір күндік демалыс алды. Қазақстандық волейболшылар енді ертең Мальдивы, ал арғы күні Жаңа Зеландия құрамасымен сынға түсетін болады.