03:39, 06 Қаңтар 2016 | GMT +5
Тайландта жынданған маймыл 4 жасар баланы талап тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік 4 жастағы бүлдіршін Тайландта қайғылы жағдайға ұшырады. Паттайда оны ірі маймыл талап тастады.

Тайландқа тән маймылға тамақ беру ресейлік отбасы үшін қайғымен аяқталды. Төрт жасар бала қатігездік танытқан жануардың «құрбанына» айналды, деп жазады "Газета.ру".
Маймыл бүлдіршіннің аяғынан қырши тістеген күйі айырылмаған.
Жабылып жүріп, баланы босатып алғанмен оның тістері баланың тізесін тесіп өткен. Қазір ол ауруханаға жатқызылды. Қатты зардап шеккен сәбидің әке-шешесінің айтуынша, тамақ берген кезде екі маймыл бананға таласып қалған көрінеді. Олардың бірі қатты жынданып, балаға бас салған.