Тайландтағы туристік қызмет көрсету орындары қалыпта жағдайда жұмыс жасауда
АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-cі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тайландтың туризм басқармасы Бангкокта сәуірдің 10-ында орын алған жәйттер елдегі туристік қызметтің қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне кедергі бола алмағаны туралы баспсөз мәлімдемесін таратты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тайландтағы тәртіпсіздіктер наурыздың орта шенінде басталған еді. Бұрынғы премьер-министр Таксин Чинаваттың жақтастары Апхисит Ветчачива үкіметін таратып, жаңа парламенттік сайлау өткізуді талап еткен болатын. Наразылық шиелесіне бастаған соң, сәуірдің 7-сінде үкімет басшысы төтенше жағдайдың жарияланғанын мәлімдеді. Ал сәуірдің 10-ында "Демократия диктатураға қарсы" біріккен майдан мен Тайланд үкіметінің арасындағы шиеленіс ушығып, қақтығыстар орын алды. Тайландтың туризм басқармасы директорының орынбасары Паттараанон На Чиангмайдың сөзіне қарағанда, ол елдің бірнеше ауданында ғана орын алған. Сондай-ақ ешқандай шетелдік азаматтарға немесе саяхатшыларға бағытталмаған. Туристік белсенділік елдің өзге аудандарында әдеттегі жүйеде жұмыс жасап жатыр. Оны Паттараанон На Чиангмай енді сәуірдің 20-сы күні Алматыда өтетін ресми баспасөз мәслихатында арнайы мәлімдемек.