Тайваньда қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Тайвань аралында, Тайдун қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 шақырымдай жерде 6,4 балдық жер сілкінісі болды,
None
None

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасап.

Зілзаланың кіндігі 35 шақырымдай тереңдікке орын алған. Әзірге оқиға болған аймақтан құрбандар мен қираулар туралы ешқандай мәлімет түскен жоқ. Цунами қаупі туралы да ескерту жарияланған жоқ.

Тайвань аралы екі тектоникалық тақтаның түйіскен жерінде орналасқан және ғаламшардағы ең сейсмикалық белсенді аумақтың бірі болып табылады. Ең қуатты зілзала - 7,6 балдық жер сілкінісі аралда 1999 жылдың қыркүйек айында болып, 2,4 мыңдай адамның өмірін қиған еді.

Соңғы жаңалықтар