20:30, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Тайваньда сапасыз тамаққа салық салынбақшы
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Тайвань үкіметі сапасыз тамаққа салық салуды енгізуді көздеп отыр. Мұндағы мақсат - халықтың толыққанды тамақа және шақтап тамақтануға деген санасын ояту, осылайша семіздік ауруын төмендету. Мұндай салық түрі әлемде әзірге еш жерде қолданылған емес,

деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.
Тайваньдық денсаулықты уағыздау бюросы сапасыз азық-түлік өнімдеріне, құрамында қанты бар сусындарға, фаст-фудтарға, кондитерлік бұйымдарға және алкогольге арнайы салық салынатын заңнама жобасын әзірлеумен айналысуда.
Бюро директоры Чю Шутидің (Chiou Shu-ti) айтуынша, заңнама жобасы парламенттің қарауына 2010 жылы енгізіледі және 2011 жылы күшіне енуі мүмкін. Әзірге әлемнің бірде-бір елінде мұндай заңдардың жобалары жасалған емес.