07:48, 09 Шілде 2016 | GMT +5
Тайваньдағы алапат дауыл (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньда болған алапат дауыл үш адамның өмірін қиып кетті. Қатты жел тіпті бір адамды ашық теңізге алып кеткен.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, табиғи апаттан үш адам мерт болып, 140-ы жараланған. Жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жеткен жел үйлердің шатырларын ұшырып, ағаштар мен электр бағаналарын құлатқан. Қазірдің өзінде 520 мың отбасы жарықсыз отыр.
Тайвань билігі 15 мың адамды қауіпсіз жерге көшірді. Жойқын дауыл салдарынан туындаған су тасқынына қарсы күреске 3 мың сарбаз жұмылдырылды.