20:51, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Тайыншадай ит Гиннесстің рекордтар кітабына енуі мүмкін
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Джордж деп аталатын дог тұқымды иттің иесі өздері асырап отырған хайуанатын әлемдегі ең үлкен ит ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енгізу туралы өтініш берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Төрт жасар Джордждың бойы 110 сантиметрге жетеді. Оның тұмсығынан құйрығына дейінгі ұзындығы - 2,13 метр. Төбеттің салмағы - 111 киләдан асады.
Иесінің айтуынша, ит айына 50 килә азық жейді. Джорджға үйде бөлек кереует бөлінген. Ол үлкен болып өсіп кеткенге дейін үй иелерімен бірге ұйықтаған. Қазір төбеттің табандарының ұзындығы оның орындықта адамдарша отыруына мүмкіндік береді.
Иттің иелері Аризона штатында тұрады.