«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі

KAZINFORM — Jibek Joly телеарнасындағы «Таза қала» бағдарламасы бұл жолы Түркістан облысындағы Кентау қаласында болды. Қаратау тәжі атанған бұл шаһардың негізі қаланғанына 70 жылдай болған, тұрғындарының саны да 70 мыңнан асып жығылады. Жүргізушілер әдеттегідей қаланың көрікті мекендері мен жеке секторын бөліп алып, аралады. Ондағы экологиялық ахуалды, тазалық жағдайын, тұрғындардың тазалық сақтау мәдениеті мен жалпы абаттандыру мәселелерін шолып шығып, бар мәліметті сарапшыларға тапсырды.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

 

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Бағдарлама жүргізушілері Әнуар мен Қырмызы әдепкі дәстүр бойынша қаланың орталық бөлігі мен шет жағын, яғни көрікті жерлері мен жеке секторын кімнің аралайтынын ойын арқылы анықтап алды. Жеребе қыздың жолын жасыл-желек орталыққа, жігіттің жолын қоқыс өрген жер үйлер жаққа бағыттады.

Жүгіріп жүріп қоқыс терсең, жымиып отырып балмұздақ жейсің

Кентау ауызбіршілік пен татулықтың мекені іспеттес. Қала тұрғындары күнделікті өмірде ғана емес, тазалықты сақтау мәселесінде де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара біледі екен. Мәселен “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында мұнда өзен жағалаулары, көшелер мен саябақтар тазартылып тұрады. Ондай шараларға осы күнге дейін 10 мыңға жуық жас пен ерікті қатысыпты. Одан бөлек эко-марафон, эко-челендж секілді іс-шаралар да үзілмейтін көрінеді. Соның бірі — “Таза қала” бағдарламасының түсірілімімен тұспа-тұс келген балалар арасындағы плоггинг болды.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Бұндай плоггинг сайысын тұрақты түрде апта сайын ұйымдастырып отырамыз. Негізгі мақсатымыз осындай көпқабатты тұрғын үйдің аулаларындағы тазалықты сақтау, мұндағы балаларды тазалыққа тәрбиелеу. Бұл 14-ші рет өткізіп жатқан плоггингіміз, – деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Азат Сұлтан.

Оның айтуынша, плоггинг жүгіріп жүріп қоқыс теру деген мағына береді. Ал бұл жарысқа қатысқан балаларға акция соңында бағалы сыйлықтар мен балмұздақ таратылады екен.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Ойын көре ме, әлде іс-шара соңында берілетін азын-аулақ сыйлыққа қызыға ма, әйтеуір жүздеген бала ауладан жапа-тармағай қоқыс теріп кетті. Ұйымдастырушылар балаларға қоқ салатын қап пен қолғап үлестіреді, ал бүлдіршіндер өздері ойнайтын аула мен өз үйінің айналасынан қоқыс тереді. Бұндай акция 2023 жылдан бері өткізіліп келеді екен. Ал бұған алғаш қатысқан балалар бүгінде естияр боп қалған.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Табиғатты аяламайтындар қоқыстар тастап кетеді. Бұндай шараға 14-ші рет қатысып жатырмын. Бірде-бір рет қалған емеспін, – дейді тазалық акциясының белсенді қатысушыларының бірі.

Ескі үйлердің ауласындағы ахуал көңіл көншітпейді

Қаладағы жас өркеннің тазалыққа деген талпынысы болашақта бұл шаһар еліміздегі ең таза қалалардың біріне айналады деген үміт отын жағады. Алайда кейбір аулалардағы ахуал ол үшін әлі де көп нәрсе өзгеруі, көп іс атқарылуы керектігін ұғындырады.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Мәселен мына тұрғын үй 90-шы жылдары пайдалануға берілген екен. Бір аулада осындай 7 үй бар. Қазіргі кезде аулада балалар алаңы да жоқ. Оған “әбден ескірген, жаңалауы керек” деп демонтаж жасаған, алайда орнына жаңасы сол беті орнатылмапты.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Ал тұрғын үйдің өзін жергілікті әкімдік жаңғыртпақ болған, бірақ 2019 жылы басталған жұмыс әлі аяғына жетпеген.

Туған жеріне ту тіккен кәсіпкер

Қаладағы ескі нысандардың бәрі тозып тұрған жоқ. Олардың ішінде епті қолға өтіп, бүгінде жаңарып, жарқырап, қала тұрғындарының сүйікті орнына айналып отырғандары да бар. Мәселен мына бір саябақ сондай ескі ғимараттың қасынан салынған.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Бұл ғимаратты 2005 жылдары алған едім. Тоқырау кезінде бұл жер қирап, тозып қалды. Бұрын Кентау тұрғындарының ең сүйікті, демалатын орны болған, – деді Дәуренбек Мубаров.

Кәсіпкер бұл жерді атына түсірген соң айналаны адам танымастай өзертіп жіберген. 20 жыл ішінде сириялық, ирландиялық ағаш тұқымдарын егіп, қош иіс аңқып тұратын оазиске айналдырады. Фонтан салдырып, түрлі мүсіндер орнатады. Осының бәрі бұл жерді адам жаны рахат табатын демалыс орнына айналдырады. Бұны жеке кәсіпкер қала экожүйесінің алдындағы жауапкершілігін жете түсінуінің жарқын мысалы дер едік.

Кентаудың көлеңкелі тұстары: қаңырап қалған ғимараттар, қоқыс толы аулалар

Бұл жерде бір кездері оңтүстік өңірді түгелдей киім-кешекпен қамтып тұрған тігін фабрикасы болған.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Кейіннен мұнда жеңілөнеркәсіп колледжі ашылады. Соңында ғимарат қаңырап бос қалады.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Одан бөлек Жібек жолы көшесінің бойындағы мына үй де бос қалған. Алайда мұнда әлі күнге бірнеше отбасы тұрып жатыр. Ал бұл жердің балалар үшін өте қауіпті екені айтпаса да түсінікті.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің айтуынша, бұл адамдар сотқа шағым беріп, қазір іс жүріп жатқан көрінеді.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Сот процесіне 2 ай кетеді деп жоспарласақ, жыл аяғына дейін бір заңды шешім шығады деп отырмыз. Одан кейін тағы бір мәселе бар: бағалау компаниясы келіп, олардың баспанасын бағалағаннан кейін, ол адамдар шешіммен келіспеуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе нақты осынша уақытта шешіледі деп кесіп айту қиын, – деді қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Одан бөлек кейбір жекелеген тұрғын үйлердің тұрғындары коммуналдық қызметтің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты. Базарға жақын орналасқан мына тұғын үйдің адамдары қоқыс тастайтын жердің дұрыс тазаланбайтынына, оның артындағы шағын бос аумақтың үнемі қоқысқа толып жататынына наразы.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Коммуналдық қызмет жұмысшылары түсірілім тобының келгенін естісімен жетіп келіп, қоқысты артып, тазалық жұмысын жүргізе бастады.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Алайда олар журналистер кетісімен істі соңына жеткізбей, тайып тұрғаны белгілі болды.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Қоқысты қайта өңдеу жолға қойылған 

Осындай олқылықтарға қарамастан қаладағы тазалық үшін күрес пен қоқыстан арылу жұмыстарынан үміт үзуге болмайды. Мәселен мұнда пластиктерді қайта өңдеу секілді заманауи технологиямен жұмыс істейтін нысандар да бар.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Пластиктерді Кентау қаласының қоқыс полигонынан аламыз. Осы жерде жуылып, шайылып, бірінші және екінші сортты туралған флекс болып шығады, – дейді кәсіпкер Ұлықбек Рахымжанұлы.

Осылайша мұнда қоқыс шикізатқа айналады. Өткен жылы бұл кәсіпорын 800 мың тонна өнім өңдепті.

Сарапшылардың бағалауы

Қалада болған түсірілім тобы жинаған материалдармен танысқан сарапшылар Кентау қаласының экологиялық ахуалына, тазалығына, қала тұрғындарының мәдениетіне баға берді.

— Жалпы қала таза екен. Абаттандырылған. Халықтың мәдениеті де көтеріліп келеді. Кентаудың дамып келе жатқаны ұнады, – дейді қала құрылысын жоспарлау бөлімінің бас маманы Гүлдана Әбіш.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Қала тұрғындарының мәдениетіне және қаланың эстетикасына төмен баға қойдым. Орталық пен шет жағы жер мен көктей, – деді сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Серік Рүстембеков.

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Бір кезде қирап қалған Кентау қаласының қайта оңалып келе жатқанын көріп отырмыз. 90-шы жылдары мұндағы өндіріс орнының жабылуы қала өміріне тікелей әсер еткен еді. Қала көшелерінің тазалығы мен коммуналдық қызметке төмен баға қойып отырмын, – деді география ғылымының докторы, профессор Орденбек Мазбаев. 

«Таза қала» бағдарламасы Кентауда: Қала тұрғындары коммуналдық қызметке неге өкпелі
Фото: Видеодан алынған скрин

Жалпы есепте Алматы қаласы 27 ұпай жинап, Астанадан кейінгі екінші орынға жайғасты. Ал моноқалалар тізімінде Қарағанды облысының Абай қаласы 24 ұпаймен көш бастады. Одан кейін Теміртау (22), Хромтау (22), Балқаш (21), Рудный (20), Лисаков (19), Ақсай және Шахтинск (18) қалалары тұр. Сондай-ақ 16 ұпай алған Степногорск және Жітіқара қалалары, 14 ұпаймен Құлсары және 10 ұпай алған Жаңаөзен тізім соңында.

Еске сала кетсек, «Таза қала» жобасы «Ең үздік әлеуметтік тележоба» номинациясы бойынша «Тұмар-2025» ұлттық телевизиялық сыйлығын жеңіп алған еді.

Үздік жоба биыл да екінші маусымымен қайта оралды. Бұл жолы түсірілім тобы моноқалаларға ерекше көңіл бөліп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі экологиялық ахуалды тереңірек талдамақ.

Тележоба аптасына 2 рет — дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 19:30–да көрермен назарына ұсынылды.

 

Соңғы жаңалықтар