«Таза Қазақстан» акциясы: «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды

ТАРАЗ. KAZINFORM - Бүгін елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық шаралар марафоны басталды.

«Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Тазалық шарасына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, ауыл қариялары мен 100-ге жуық жас қатысты.

Осылайша киелі орынның аумағы толығымен тазартылып, көшеттер отырғызылды.

  «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды
Фото: «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды

Экологиялық шарада облыс әкімінің орынбасары президент бастамасымен жүзеге асып жатқан акцияның маңызы жоғары екенін атап өтіп, оған жамбылдықтар да белсене атсалысып жатқанын жеткізді.

- «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облыстың барлық аудандарында өткізілуде. Соның бірі - Жамбыл ауданындағы Айша бибі кесенесінің аумағын тазарту жұмыстары. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні облыста 28 елдімекенде экологиялық шара ұйымдастырылды. Оған 2 мыңнан аса адам қатысуда. Осылайша бірлігі жарасқан жамбылдықтар саябақтар мен арық-атыз, аулаларды тазартуда. Қазіргі таңда аймақта 3500-ден аса тарихи-мәдени ескерткіш бар. Негізгі басымдықты сол аумақтарды тазалау, абаттандыру жұмысына беріп отырмыз,- деді Серік Сәлемов.

  «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Айта кетейік, Жамбыл облысында жыл басынан бері акция аясында 350 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 48 мың тұрғын үй аулалары мен 1,3 мың шақырым көшелер тазаланып, 2,8 мың тонна қоқыс шығарылды.

Биыл егілетін 195 мың талдың бүгінге 128 мыңға жуығы отырғызылып, 2,4 мың ағаш санитарлық бұталды.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті.

  «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
  «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

 

 

Соңғы жаңалықтар