Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2025 жылғы 14 қараша күні Жетісу ауданының комьюнити-орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Қағаз boom» экологиялық шарасы ұйымдастырылды.

Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
Фото: Алматының Жастар саясаты басқармасы

Шараның негізгі мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды сұрыптау дағдыларын қалыптастыру және тұрғындардың экосана деңгейін арттыру.

Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
Фото: Алматының Жастар саясаты басқармасы

Акцияға аудан тұрғындары, жастар және студенттер белсенді қатысып, қажетсіз газет, журнал, картон және кеңсе қағаздарын тапсырды. Нәтижесінде шамамен 2 тоннаға жуық макулатура жиналып, арнайы қабылдау пунктіне жөнелтілді.

Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
Фото: Алматының Жастар саясаты басқармасы

— Қоршаған ортаны қорғау — баршамызға ортақ жауапкершілік. Бүгінгі «Қағаз boom» акциясына тұрғындардың белсенді қатысуы олардың экологиялық мәдениетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды дамытып, жастарды табиғатты аялауға баулуды жалғастырамыз, — деді Жетісу ауданы комьюнити орталығының жетекшісі Есен Абдихалық.

Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
Фото: Алматының Жастар саясаты басқармасы

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындарды табиғатты қорғау мәдениетіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар