«Таза Қазақстан»: Жетісуда 29 саябақ жаңарып, 250 мың ағаш отырғызылды

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы екі жылда Жетісу облысында 29 саябақ, 2 орталық алаң, көптеген балалар және спорт алаңдары салынып, жаңғыртылды. Елді мекендерде 250 мың ағаш отырғызылып, орман қоры 27,4 млн түп ағашқа ұлғайды. Бұл туралы өңір әкімі Бейбіт Исабаев есептік кездесуінде баяндады.

Алматыда Президент резиденциясы орнындағы жаңа саябақ қалай түрленді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Өңір басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жүйелі іске асырылғанын атап өтті.

Тіпті бағдарлама аясында көп қабатты тұрғын үйлердің шатыры мен қасбеттері жөнделіп, арық желілері қалпына келтірілген, көшелерге жарық шамдары орнатылған.

– Халықтың қолайлы әрі жайлы өмір сүруіне назар аударып, барлық аудан-қалалардағы орталық саябақтарды жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп жатырмыз. Осылайша барлық саябақтар жаңа кейіпке енеді. Жалпы алғанда, елді мекендерде жаяу жүргіншілер аймақтары мен демалыс орындарын құру бағытында жұмыс жүргізіліп, жаңа саябақтар мен скверлер салынып жатыр, – деді Б.Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс құрылғаннан бергі үш жылда жаңа 11 саябақ, 5 сквер, 2 аллея салынған, 21 саябақ күрделі жөндеуден өткен.

– Мәселен, Сарқан ауданында табиғи ландшафты сақталған саябақ жасалды. Бұл ретте жасыл желек арық пен автоматтандырылған суару жүйелері арқылы суарылады, – дейді Б.Исабаев.

Бұған дейін облыс әкімі Алакөл және Балқаш жағалауын күтіп ұстайтын екі коммуналдық мекеме құрылғанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар