Тәж-Маһалдың төрт еселенген үлгісі - Арабия тәжі тұрғызылмақ

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Дубайлықтар әлем жұртшылығын әлі күнге таңғалдырумен келеді.
None
None

Туристерді көптеп тарту үшін қолға алынған түрлі шаралар мен тың жобалар ел экономикасының күре тамырына қан жүгіртіп, серпін беріп отырғаны жасырын емес. Сондай жобалардың бірі әрі бірегейі болып саналатын, әлемнің жетінші кереметі атанған Үндістандағы Тәж-Маһалдың көшірмесі - Арабия тәжі деп аталатын сәулет туындысы 2016 жылға қарай тұрғызылатын болды.

Muslim.kz сайтының жазуынша, 350 бөлмесі мен апартаменттен тұратын Арабия тәжі, негізінен, бал айын бақытты өткізгісі келетін жас жұбайларға арналған.

Махаббат аңызына айналған Тәж-Махалдың сәулеті мен сәнін қайталаған Арабия тәжі «түпнұсқадан» үш-төрт есе үлкен болмақ.

Онда тек қонақ үй орналасып қана қоймай, салтанатты шаралар мен сауық кешін өткізуге арналған зал да, өз саябағы да, 3000 адамға шақталған тойхана, сауда алаңдары болады.

Оның құрылысын жүргізетін компания үстіміздегі жылдың желтоқсан айынан бастап, тұрғын үй және сауда орындарын сата бастайды. Арабия тәжінде тек Тәж-Маһалдың ғана емес, сонымен қатар, Пирамида, Семирамида бағы, Эйфел мұнарасы және Пизан мұнарасы секілді әлем кереметтерінің көшірмесі де жасалатын болады.

Аталмыш жобаның жалпы құны 300 млн долларға бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар