12:20, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Тәжікстанда болған жер сілкінісінің дүмпуі Шымкент тұрғындарына сезілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан 590 шақырым жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында 5,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
«Сейсмикалық станса желісі 11 сағат 09 минут 35 секундта жер сілкінісін тіркеді. «Энергетикалық сыныбы 13.3. Магнитудасы MPV 5.9. Тереңдігі 5 шақырым. Жер сілкінісін Шымкент-2 тұрғындары сезген», - делінген хабарламада.