Тәжікстанда тағы жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 5 мамыр күні Алматы уақытымен 00 сағат 23 минут 13 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 622 км аймақта, Тәжікстан аймағында болды.
None
None

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.0. Магнитудасы 4.5»,-делінген «Алматы» СББО кезекші операторының хабарламасында.

Осыған дейін хабарланғанындай, 2017 жылдың 4 мамыры күні Орталық Азия аумағында 5 жер сілкінгендігі хабарланған болатын. Олардың басым бөлігін Тәжікстан аймағында болды.

Соңғы жаңалықтар