Тәжікстаннан әкелінен жаңғақ пен кептірілген жемістерді сатуға тыйым салынды - Ресей

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Ресейдің санитарлық қызметіне Тәжікстаннан әкелінген жаңғақтар мен кептірілген жемістерді дүкендер мен базарлардан сатылымнан алып тастау туралы тапсырма берілді.
None
None

Тәжікстанда қатерлі инфекциялық ауру болып табылатын - полиомелит ошағының тіркелуіне байланысты осындай қатаң шара қабылданып отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

«Роспотребнадзор» агенттігінің басшысы Геннадий Онищенко сондай-ақ тәжік мәуе-шәуелеріне берілген санитарлық-эпидемиологиялық құжаттардың күшін уақытша тоқтата тұруды тапсырды.

«Қызу сауда-саттықты ескерсек, біздің елімізге «жабайы» полиовирустың келу, оның ішінде азық-түлік өнімдерімен келу қаупі жоқ емес. Әсіресе, еш өңдеусіз тамаққа пайдаланылатын кептірілген жемістер мен жаңғақтар ерекше қауіпті», - делінген ресми құжатта.

Соңғы жаңалықтар