Тәжірибе: Wi-Fi желісі адам денсаулығына зиян

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Дания елінің мектеп оқушылары Wi-Fi желісінің адам денсаулығына зиян екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеп шығып, ғалымдар әлемін бір дүр сілкіндірді.
None
None

Олар Wi-Fi желісі қосулы тұрған ұялы телефонның қасында ұйықтаған адамның келесі күні зейіні нашарлап кететініне тәжірибе жүзінде көз жеткізген.

Оқушылар екпе шытырмақ өсімдігінің тұқымы егілген науаның біреуін Wi-Fi желісі бар бөлмеге, екіншісін Wi-Fi желісіне қосылмаған бөлмеге кіргізіп, 12 күн бойы бақылаған. Нәтижесінде Wi-Fi желісі жоқ бөлмедегі өсімдік қаулап өссе, екінші бөлмедегі өсімдік сол күйі түк шықпай қалған.

Мектеп оқушыларының бұл тәжірибесіне көптеген керітартпа адамдар сенбеген. Біреулері өсімдіктерге тең дәрежеде жағдай жасалмаған, яғни, біреуіне су құйылып, екіншісіне құймаған немесе біріне күн көзі жақсы түскен де, екіншісіне түспеген деген секілді уәждер айтып, күдік-күмән келтірген. Бірақ мектеп оқушылары екеуіне де бірдей жағдай жасалғанын айтып отыр.

muslim.kz сайтының жазуынша, бұл тәжірибеге өзге де ғалымдар қызығушылық танытуда. Атап айтсақ, Швецияның Каролина университетінің профессоры бұл тәжірибені өзінің ғылыми зертханасында жасап көруге бел буған.

Жалпы дәл осындай тәжірибе осыдан бірнеше жыл бұрын Голландияда да жасалған көрінеді. Сол тәжірибеде де Wi-Fi желісі бар аймақта орналасқан талдарда сәуле ауруларының белгісі анықталып, жапырақтарында табиғи емес қорғасын жалтырағы пайда болған.

Соңғы жаңалықтар