Тәжікстанда алтын құймаларын сататын банкоматтар орнатылады

АСТАНА. KAZINFORM — Таджикистан Ұлттық банкі алтын құймаларын сатып алу және сату бойынша арнайы банкоматтар орнату жобасын іске қоспақ. Бұл туралы қаржы реттеушісінің басшысы Фирдавс Толибзода баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Тәжікстанда алтын құймаларын сататын банкоматтар орнатылады
Фото: Тәжікстанның Ұлттық банкі

Оның айтуынша, арнайы құрылғылар арқылы азаматтар банкке бармай-ақ, банкоматтан қажетті мөлшердегі алтын құймаларын тікелей сатып ала алады.

Фирдавс Толибзода бұл бастама Эмомали Рахмон тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Жобаның мақсаты – халықтың алтын құймаларына қолжетімділігін жеңілдету.

Клиенттер алтын құймасының құнын банк картасы арқылы төлеп, сатып алған өнімін бірден банкоматтан ала алады. Сондай-ақ кері сатып алу (қайта өткізу) мүмкіндігі де қарастырылған.

Ұлттық банк басшысының дерегінше, 2025 жылы елде жалпы салмағы шамамен 200 келі алтын құймасы сатылып, оның жалпы құны 23,7 миллион АҚШ долларын құраған.

Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстанда қолма-қол ақшасыз операциялар саны 47% жеткенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум