Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тәжікстанда кәмелетке толмаған балалар некеге тұруға рұқсат алды

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстанда 400-ден астам кәмелетке толмаған бала Республика Жоғарғы сотының шешімі бойынша некеге тұруға рұқсат алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі меншікті тілшісі.

Неке қию
Фото: freepik.com

Баспасөз мәслихаты барысында Тәжікстан Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары Абдукаххор Тагозода жыл басынан бері соттарға неке жасын төмендету туралы 503 өтініш түскенін хабарлады. Оларды қарау қорытындысы бойынша 423 кәмелетке толмаған балаға некеге тұруға рұқсат етілді.

Ол жыл сайын өтініштер саны азайып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2025 жылдың осы кезеңінде соттар неке жасын төмендету туралы 1,3 мыңнан астам өтінішті қараған.

Спикер мәлімдемелердің көпшілігі ауыр материалдық жағдайға, ата-ана мен қамқоршылардың болмауына байланысты екенін атап өтті.

- Егер неке қию және отбасын құру жас жігіттің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етсе, сот неке жасын төмендетуі мүмкін, - деп түсіндірді Абдуках[ор Тагозода.

Сонымен бірге ол ерте неке әлі де өткір әлеуметтік мәселелердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Өйткені жастар көбінесе отбасылық өмірге дайын емес. 

Кейінгі жылдардағы ерте неке санының тұрақты төмендеу тенденциясына қарамастан, бұл мәселе мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының және халықаралық ұйымдардың назарында.

Айта кетейік, жыл басынан бері 23 мыңнан астам қазақстандық турист Тәжікстанға барған.