Тәжікстанда табиғи апаттардан келген шығын 5,7 млн доллардан асты
АСТАНА.KAZINFORM — 2026 жылдың алғашқы жартысында Тәжікстанда болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ел экономикасына 52,8 млн сомони (шамамен 5,7 млн АҚШ доллары) көлемінде шығын келтірді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Душанбедегі меншікті тілшісі хабарлайды.
Есептік баспасөз мәслихатында Тәжікстанның Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Раджабали Рахмонали есепті кезеңде елде табиғи сипаттағы 741 төтенше жағдай тіркелгенін мәлімдеді.
Халық пен экономикаға ең көп шығынды қар көшкіні мен сел келтірген. Алты ай ішінде республика аумағында 508 қар көшкіні және 123 сел жүру фактісі тіркелген.
Табиғи апаттардан келген материалдық шығынның жалпы көлемі 52,8 млн сомонидан асты. Сонымен қатар табиғи апаттар салдарынан 12 адам қаза тапты.
Айта кетелік Тәжікстандағы мұздықтардың еруі Орталық Азияға қауіп төндіретіні туралы жазған едік.