Тәжікстанда ЖИ саласында бейінді университет құрылды
АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан үкіметінің қаулысымен Халықаралық туризм және кәсіпкерлік университеті базасында «Сандық технологиялар және жасанды интеллект институты» мемлекеттік мекемесі құрылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі меншікті тілшісі.
ТР Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандандырылған институттың ашылуы БҰҰ-ның «Жасанды интеллектінің Орталық Азияда тұрақты даму үшін жаңа мүмкіндіктер жасаудағы рөлі» қарарын жүзеге асыруға бағытталған.
Тәжікстан Республикасында бұл бағытта цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ұлттық кадрларды даярлау және жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулерді кеңейтуді қарастыратын жасанды интеллектіні 2040 жылға дейін дамыту стратегиясы бекітілді.
Сондай-ақ Халықаралық туризм және кәсіпкерлік университеті жанында «Әлемдік экономика және дипломатия институты» және «Туризм академиясы» құрылды.
Осыған дейін АҚШ, ҚХР және Үндістан ЖИ саласында бәсекеге қабілетті елдердің үздік үштігіне енгенін хабарладық.
Сондай-ақ Қазақстанда ЖИ саласындағы венчурлық инвестиция көлемі 5 есе өсіп, $73 млн-нан асқанын жаздық.