Тәжікстанның мемлекеттік органдарында 4 мыңнан астам лауазым бос тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан мемлекеттік органдарында әлі де айтарлықтай кадр тапшылығы бар, деп мәлімдеді ТР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің директоры И. Идрисзода. 

Тәжікстанның мемлекеттік органдарында 4 мыңнан астам лауазым бос тұр
Фото: Kazinform

Агенттік директорының айтуынша, 2025 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметке сәйкес, мемлекеттік органдарда 4102 лауазым бос тұр. 

Ауылдардың мемлекеттік органдарында және өзін-өзі басқару органдарында 22 711 штаттық бірліктің 18 609-ы, яғни 81,9 пайызы ғана мамандармен қамтамасыз етілген.

— Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік органдарда 4682 әйел жұмыс істейді, яғни әйелдер жалпы қызметкерлер санының 25,1 пайызын құрайды. Сонымен қатар 1159 әйел басшылық қызметтерді атқарады немесе басшылықтағы әйелдер жалпы басшылар санының 19 пайызына тең, — деді И. Идрисзода.

Сондай-ақ ол Агенттік мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және мемлекеттік аппаратты кадрлық жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Жас мамандарды тартуға, гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп жатқанына назар аударды.

Еске сала кетейік, Тәжікстанның жоғары оқу орындары қазақстандықтар үшін 100 грант бөлді. 

Соңғы жаңалықтар