Тбилисидегі су тасқынынан жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Тбилисидегі су тасқынынан жапа шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
None
None

«12 мамырда Тбилиси қаласында су тасқыны салдарынан Грузия астанасының кейбір көшелері судың астында қалған еді. Соның салдарынан біршама азамат жарақат алып, жоғалғандар да бар болған. Осы орайда Жарақат алғандар мен жоғалып кеткен адамдар ішінде алдын ала ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - деп атап өтті ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар