Тегеранда манифестация барысында 4 адам қаза тапты

ТЕГЕРАН.   Желтоқсанның 28-і.  ҚазАқпарат - Ирандық ағылшын тілді  «Пресс-ТВ»   телеарнасы   Тегеранда  болған  манифестация  кезінде  4 адамның қаза болғаны  туралы   оппозицияның  ақпаратын   қуаттады. 
None
None

 Телеарнаның  мәліметтері  бойынша,  олардың  үшеуі   көше  қақтығыстарының емес,     жазатайым оқиғалардың  құрбаны  болған,  деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

 "Пресс-ТВ"    телеарнасының ирандық   құқық қорғау  органдарына сілтеме  жасап   хабарлауынша,   жексенбі  күні  болған     көше   шерулері кезінде  бір  адам көпірден құлап, екі адам   көліктің астына түсіп  қаза  тапса,   тағы бір адам оққа ұшып  көз жұмған.Оқ атқан  адам    белгісіз қалып  отыр,  ол   оқиға орнынан  ізін  жасырып үлгерген.  Телеарна  сондай-ақ,   қаза тапқандардың ешқайсысы     ирандық оппозиция    жетекшісі Мир Хосейн  Мусауидің  туысы  емес  екенін  айрықша атап көрсетуде.  Себебі  оппозиция өкілдері  бұған дейін осындай  ақпарат   таратқан болатын.

 Кеше    Тегеранда  болған     манифестация   кезінде     иран   оппозициясының  жақтаушылары    Құран кітабын  өртеген.  Бұл туралы  Фарс  ақпарат агенттігі  хабарлап отыр.  Агенттік сондай-ақ,     үкіметке  қарсы   элементтердің  бірнеше қалалық таксиді,  полиция машиналары  мен  жекеменшік көліктерді өртегендерін    хабарлады.  Оған қоса,   оппозиционерлер   Ашура діни  шарасына   орай  Тегеранның  орталық  алаңымен өткен        шерушілерге  тас  лақтырған.     Бірнеше адам      жарақат   алған,  деп   хабарлайды   Фарс агенттігі.

Соңғы жаңалықтар