09:12, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Теграндағы лаңкестік үшін жауапкершілікті «Иран монархиясы қоғамы» мойнына алды
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Тегранда жасалған лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті «Иран монархиясы қоғамы» атты ұйымы мойнына алды.

Бұл оқиғаның салдарынан ирандық ядролық физик маман Масуд Әли Мохаммади қаза тапты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі
«Иран монархиясы қоғамы» Ирандағы исламшыл режімді құлатуды, елді зайырлы мемлекет деп жариялауды және Иран монархиясын қайта қалпына келтіруді мақсат етеді, деп хабарлайды ирандық Фарс агенттігі
Кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де (мәскеу уақыты бойынша 07.30-да) Тегранның солтүстігіндегі Гейтарие ауданында қуатты жарылыс болып, оқиға салдарынан ядролық физик маман, 50 жастағы Масуд Әли Мохаммади қаза тапқан еді. Ирандық дерек көздердің мәліметтері бойынша, ғалымның үйінің жанына қойып кетілген мотоцикл жарылған.