Техас АҚШ-тан бөлінеміз деп қоқан-лоқы жасады
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 16-сы.ҚазАқпарат – АҚШ-тың бірнеше қалаларында салықтарды көбейтуге қарсы бұқаралық наразылық акциялары өтті.
Әсіресе Техас штатының орталығы ? Остиндегі акцияда дау-дамай көбірек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Техас губернаторы Рик Перри елдің жалпы проблемасынан аймақ тұрғындары зардап шекпеуі тиіс деп мәлімдеп, Ақ үйді салық салу саясатын қайта қарауға шақырды. Олай болмаса, штат біржақты тәртіппен АҚШ құрамынан шығады деп қорқытты.«Салық ? жалпы мемлекеттік проблема. Біздің штат бұл мемлекетке 1845 жылы ерікті түрде қосылды. Сондықтан да қажет болса, біз бөлініп кете аламыз. Біздің ұлы еліміздегі одақты ыдыратуға ешқандай себеп жоқ. Бірақ та Вашингтон АҚШ халқының ісіне орынсыз қол сұға бермесін, оның соңы неге әкеп соғатыны белгілі», - деді Техас губернаторы.Американдықтар сондай-ақ Вашингтонның жеке компанияларға орасан үлкен қаржы бөлуіне де қарсылық білдіруде. Ондаған қалаларда шеруге шығушылар «Үкімет таратылсын», «Салық ? қарақшылық» деген ұрандармен көшелерге шықты. Қарсылық акцияларына кемінде ондаған мың адам қатысуда.