09:13, 15 Маусым 2016 | GMT +5
Техас гипермаркетінде қарулы адам келушілерді кепілге алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатындағы Амарилло қаласында қарулы ер адам Walmart гипермаркетіне келушілер мен қызметкерлерін кепілге алды. Бұлу туралы tjournal.ru хабарлайды.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда, зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. Бұл оқиғаның Орландодағы лаңкестік актісімен байланысының бар-жоқтығы да белгісіз.