10:33, 11 Қаңтар 2015 | GMT +5
Техаста белгісіз біреу ауруханадағы емделушілерді кепілге алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ер адам сенбі күні Томбол қалашығындағы (Техас штаты) ауруханалардың бірінде екі адамды кепілге алды. Полицияның хабарлауынша, қылмыскер қаруланған болуы мүмкін, деп хабарлады ТАСС.
БАҚ деректеріне сүйенсек, ер адам кепілдерді аурухананың екінші қабатындағы жансақтау бөлімінде ұстап отыр. Неліктен екені әзірге белгісіз. Оқиға орнына полиция жасағы барды. Аурухана маңы қоршауға алынды. Томболда шамамен 10 мыңдай адам тұрады. Ол Хьюстонның солтүстік-батысынан 50 шақырымда орналасқан.