Техаста дауылдан төрт адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатындағы Гарленд қаласында торнадо, дауыл салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады сенбіде қала полициясының баспаөз қызметі.
None
None

Алдын ала деректер бойынша, дауыл соққысы кезінде олар көлікте болған деген болжам бар.

NBC телеарнасы Техастағы Даллас қаласының оңүстігінде және шығысында кем дегенде екі торнадо тіркелгенін хабарлады.

Бұдан бұрын АҚШ оңтүстік-шығысында дауыл құрбандарының саны 18 адамға жеткені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар