Техаста қаруды ашық түрде ұстауға рұқсат берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Техас штатында қару ұстауға арнайы рұқсаты бар қару иелеріне оны қоғамдық жерлерде ашық түрде ұстап жүруге рұқсат берілді. 2015 жылдың маусым айында қабылданған тиісті заң 1 қаңтарда өз күшіне енді, деп хабарлайды Lenta.ru.
None
None

The Independent-тің хабарлауынша, өткен жылдың соңына дейін көшеде қолына тапаша ұстап жүргісі келетін адамдар оны айналасындағылардан жасырып жүруге тиіс болған. Талаптар бірқатар ерекшеліктерді қарастырған: егер қарудың иесі тәртіп сақтаумен байланысты міндеттерді орындаса, аңшылықта болса немесе тапаншаны пайдаланумен байланысты көпшілік шараларға қатысса, оған қаруды ашық түрде алып жүруге рұқсат берілген.

Қазіргі кезде Америка штаттарының көбінде атыс қаруын ашық түрде алып жүруге рұқсат берілген. Бұл тізімге Иллинойс, Флорида, Нью-Йорк, Оңтүстік Каролина, сондай-ақ Колумбия округі, Американдық Самоа, Солтүстік Мариан және Американдық Виргин аралдары кірмейді.

Соңғы жаңалықтар