Техастағы су тасқыны: қаза тапқандар саны артуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Харви дауылы мен соның салдарынан болған Техас штатындағы су тасқынынан кем дегенде 30 адам қаза тапты. Бұл туралы The New York Times жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Харви дауылы толассыз жауын-шашын алып келді. Соның салдарынан Хьюстон штатының басты қаласы су астында қалды. Қазіргі таңда қала мэрінің халықты эвакуациялауға бұйрық бермей, тек тұрғындарда осы шараны ескерткен әрекетінің дұрыстығы тексерілуде. Қауіпсіз аймаққа бес мың адам көшірілді.

Корреспондент.net хабарлағандай, Харви дауылы АҚШ аумағындағы соңғы 12 жылдың ішіндегі ең жойқын жел саналады. Ең соңғы рет 2005 жылы бұл елде аса қуатты Катрина дауылы соққан болатын.

Техас штатына АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Меланья келді.

Соңғы жаңалықтар