12:17, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Техника және технология саласындағы білім беру бағдарламаларын Қазақстандық аккредитациялау жүйесінің даму мәселелері ШҚО-да талқыланды
ӨСКЕМЕН. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялау мәселелері мен мамандарды сертификаттау бойынша өткен семинар-кеңесте Қазақстан және Ресей инженерлік білім беру қауымдастығы арасында техника және технология саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредитациялау бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды.

КаzSEE (Қазақстанның инженерлік білім беру қауымдастығы) президенті Ғалым Мұтановтың айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев IV Қазақстандық инвестициялық саммитте сөз сөйлеу барысында мамандарды сертификаттау бойынша салалы жүйелер енгізуді тапсырған.
Профессор Ғалым Мұтанов бүгінгі таңдағы КazSEE-нің өзекті міндеттерінің бірі халықаралық көрсеткіштерді енгізе отырып Қазақстандық кәсіби инженерлерді сертификаттау жүйесін құру екендігін атап өтті.