10:19, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Техникалық жабдықтар сатып алынды
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Тұсауын жақында кескен "Жалағаш құрылыс жөндеу учаскесі" мемлекеттік кәсіпорны жаңа техникаларға қол жеткізді.
Ол үшін облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осының нәтижесінде жергілікті жердегі коммуналдық шаруашылық жұмысы жолға қойылатын болды. Кәсіпорын кентішілік тазалық, ауызсу жүйесін және өзге де жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осы міндеттерді атқаруда жаңа техникалар өз септігін тигізеді.