Текелі қаласында көпір краны астына қалған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - 8 сәуірде, сағат 3.35-те Алматы облысының Текелі қаласында «Шарықтас» ЖШС-нің аумағында жөндеу жұмыстарын атқару барысында  «Шарықтас» ЖШС-нің 52 жастағы жұмысшысын көпір  краны басып қалды.

Текелі қаласында көпір краны астына қалған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды

Жұмысшы алған жарақатына байланысты оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.