08:10, 10 Сәуір 2012 | GMT +5
Текелі қаласында көпір краны астына қалған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - 8 сәуірде, сағат 3.35-те Алматы облысының Текелі қаласында «Шарықтас» ЖШС-нің аумағында жөндеу жұмыстарын атқару барысында «Шарықтас» ЖШС-нің 52 жастағы жұмысшысын көпір краны басып қалды.

Жұмысшы алған жарақатына байланысты оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.