Текелі қаласының білім бөлімінде бюджет қаражаты қымқырылған - прокуратура
Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Текелі қаласы білім бөлімінің басшы есепшімен бірге бірнеше жыл бойы өз карт-есепшоттарына бұйрықсыз, аванстық есепсіз және іссапар құжаттарынсыз артық ақша аударып келген. Бұл айла-шарғыға бөлімнің әдіскері де тартылған болып шықты.
Сот мәжілісінде білім бөлімінің бастығы өз кінәсін мойындаған жоқ, қымқырылған қаражатқа қатысы жоқ екенін, есепшінің қылмыстық әрекеттерін тексеру жүргізу кезінде бір-ақ білгенін айтты. Ол, есепші қаржылық құжаттарға басшының атынан өзі қол қойып отырған деп санайды. Бірақ, біраз уақыттан кейін бөлім бастығы келген шығынды өзі өтеді.
Есепші, өз кезегінде барлық кінәсін мойындап отыр. Және ол сотқа қажет болған жағдайда барлық керекті құжаттарды беруге уәде беріп, үнемделген барлық ақшаны қалтаға басуды бастығының ұсынғанын хабарлады. Бастығының ұсынысымен ол келіседі және үнемделген барлық іссапарлық шығыстарды өз есепшотына аударып, кейіннен ол ақшаны басшысына әкеліп отырады. Қымқырылған соманың тек 10-20 пайызы ғана оның үлесіне тиіп отырғанын айтады.
Текелінің білім бөлімінің басшысы мен есепшісі барлығы 963 634 теңге сома қымқырғаны анықталып отыр.