Текелі сүт зауыты «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы болды

Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау бағдарламасына сәйкес «Текелі сүт зауыты» ЖШС «Ресей Жинақ банкі» АҚ-ның 13 млн. теңге несиесі бойынша сыйақыларын 4 пайыздық мөлшерлемемен төлейтін болады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Ринат Талтүстовтің айтуынша, енді несиелік мөлшерлеменің 7 пайызын кәсіпкерлер үшін мемлекет төлейді, өйткені «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлік секторды жандандырып, өндірісті жаңарту мен кеңейтуге қолдау көрсетуде елдің басты тетігі болып отыр. Заемдік қаражаттарға компания жабдықтар сатып алып, айналымдағы қаражаттарын толықтыруда. «Біз нарықтық ортада тауар сапасы тұтынушылардың қауіпсіздігін ғана емес, бәсекеге қабілеттілігін де жақсарту дегенді білдіреді. Өткен жылы біз ИСО 9001-2000 сертификатына ие болдық. Тоңазытқыштар, сүт өніңімдерін құятын желі, орайтын автоматтар жабдықтары біздің өнімдеріміздің сапасын және тұрақты болуын қамтамасыз етеді», - деді «Текелі сүт зауыты» ЖШС директоры Валентина Кубрак.
Алматы облысында қазірдің өзінде «Бизнестің жол картасы-2020» ауқымындағы жаңа жобаларды субсидиялауға 9,3 миллиард теңгенің жиырмадан астам маңызды жобалары қаржыланырылды.