Телеарнаның он жылдығы аталып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Байқоңыр қаласындағы "Байқоңыр жаңалықтары" ақпараттық телеарнасына биыл 10 жыл толып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ақпараттық арна қала әкімшілігінің қолдауымен 1999 жылы наурыз айында өз көрермендерімен қауышты. Содан бері орыс тілінде хабар таратып, жергілікті жұрттың әр жұма сайын асыға күтетін көзайымына айналды. Он жылдық мерейтойға арнайы шақырылған журналистер қауымы арнаның қалыптасу кезеңінен сыр шертетін мұрағаттық дүниелермен кеңінен танысты.
Соңғы жаңалықтар