Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теледебат сауалнамасы: Әділет партиясы 59,5% дауыспен алға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан қоғамдық даму институты «Jibek Joly» телеарнасы өткізіп жатқан командалық теледебаттың екінші кезеңінен кейін өздері ұйымдастырған сауалнаманың аралық нәтижесін жариялады.

теледебаты
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Көрермендер экранның төменгі жағындағы QR-код арқылы қай партия өкілдерінің ұстанымы мен жауабы ұнағанын білдіріп, дауыс берді.

ы
Фото: Видеодан алынған скрин

Оның қорытындысы бойынша:

  • «Әділет» партиясының өкілдері Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев 59,5%;
  • ЖСДП үкілеп қосқан Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова 3,7%;
  • «Байтақ» партиясының сөзұстарлары Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев 2,1%;
  • Қазақстан Халық партиясының өкілдері Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова 4,2%;
  • «Ауыл» партиясының атынан шыққан Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурықов 14,4%;
  • «Ақ жол» партиясының туын ұстаған Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин 3,4 %;
  • Respublica партиясының өкілдері Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова 12,1% дауыс жинады.

Айта кетерлігі, бұл сауалнама сайлауға қатысушы партияның рейтингін анықтауға арналмаған. Тек теледебатқа қатысып жатқан партия өкілінің сөзіне, белсенділігіне, жауабына көрермен тарапынан берілген баға ретінде ғана қабылданды.

Бұған дейін пікірсайысқа қатысатын партия өкілдерінің сөз сөйлеу реті де «Jibek Joly» телеарнасының тікелей эфирінде жеребе арқылы анықталған болатын.

Теледебатты «Jibek Joly» телеарнасынан бөлек, Jibek Joly TV және резервтік Jibek Joly News YouTube арналары да көрсетеді. Көрермендер тарапынан партия өкілдеріне сұрақ туындап жатса, экранда көрсетілген WhatsApp нөміріне жолдай алады.

Бұған дейін, командалық пікірсайыстың бірінші кезеңінде партия өкілдері қарсылас партиялардың бағдарламалары мен жұмыс тарихын сынап, дебат көрігін қыздырды