Telegram сыйлық алуға арналған аукциондарын іске қосты

АСТАНА. KAZINFORM — Telegram сессенджері қолданба ішіндегі сыйлықтар бойынша аукцион өткізу тетігін іске қосты. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушылардың бірі Павел Дуров хабарлады, деп жазды ТАСС.

Telegram сыйлық алуға арналған аукциондарын іске қосты
Фото: pexels.com

Алғашқы тестілік аукцион Telegram Plane эксклюзивті сыйлығымен өтті. Енді компания танымал тұлғалардың сыйлықтарымен түрлі аукцион ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Алғашқы аукцион 15 қарашада басталды және ол 50 раундқа созылады. Әр раундта бірінші орынды алған 20 қатысушы Telegram Plane сыйлығынан 20 данадан алады. Алғашқы раунд бір сағатқа созылды, ал қалған 49 раундтың әрқайсысы бес минуттан өтеді.

Сонымен қатар Telegram-ның Android үшін 12.2.1 нұсқасында жеке профильдерден стрим жүргізу мүмкіндігі пайда болды. Трансляциялар «сторис» форматына ұқсас, көрермендер «жұлдыз» түрінде бағаланатын пікір қалдыра алады. Сондай-ақ стримді басқа қосымшадан да жүргізу мүмкін, ол үшін сервер сілтемесі мен трансляция кілтін енгізу жеткілікті.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Павел Дуровты қабылдағанын және Telegram ресми түрде Орталық Азиядағы жетекші инновациялық кластер – Astana Hub қатысушысы мәртебесін алғанын жаздық.

Бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік органдар ішкі коммуникацияларында ұлттық мессенджер Aitu-ға кезең-кезеңмен көше бастағаны хабарланған еді.

Сондай-ақ Цифрлық даму министрлігі жеке мақсатта шетелдік сервистерді қолдануға еш тыйым салынбайтынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар