Телевизиялық тікелей эфир барысында ШҚО облысы әкіміне 257 сауал түсті

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенов бүгін Семей қаласында есеп беруге арналған кездесу өткізеді, ал кеше кешкілік аймақ басшысы Өскемен қаласында «Қазақстан-Өскемен» телеарнасынан тікелей эфир арқылы шығысқазақстандықтардың сауалдарына жауап берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сағатқа созылған телевизиялық сұхбат барысында облыс әкімі аймақ тұрғындарының 30 сауалына жауап берді. Ал, жалпы алғанда оның атына телефон, сондай-ақ, Интернет-байланысы арқылы 257 сауал келіп түсті.Келіп түскен сауалдардың басым көпшілігі аймақ әкімдігінің дағдарысқа және инфляцияға қарсы қолға алған шараларын, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тариф белгілеу және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет сапасының төмендігі мен жылу және сумен қамтамасыз ету, балалардың демалыс лагерлерін дамыту мен бала бақшалары, еңбекпен қамтамасыз ету және мекемелердің жабылуы, саябақтарды күзету, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер бөлу тақырыптарын және т.б. мәселелерді қамтыды, Әділғазы Бергеновтің айтуы бойынша, телекөрермендерден түскен бірқатар сауалдар терең зерттеуді қажет етеді. Мәселен, өскемендік бір телекөрермен Әблекет кентінде суық су және жылумен қамтамасыз ету мәселесінің тұрақты орын алып келе жатқандығына шағымданған. Тағы бір шағым-арыз жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету барысындағы келеңсіздіктер жөнінде болды. Бір сөзбен айтқанда, жеке сипаттағы мәселелермен қатар қоғамдық маңызы зор тақырыпты қамтыған сауалдар болды. Мәселен, құрастыру өндірісі Семейде ашылған автобустарға тапсырыстың бар-жоқтығы, Өскемендегі жаңа жылыжайдың алғашқы өнімдері қашаннан бастап тұтынуға берілетіндігі, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыру тәжірибесі жалғасын табатын бола ма, драма театрының құрылысы қашан басталады деген өзекті сауалдар адамдарды қатты қызықтырды.Тағы бір атап өтерлік жайт, телевизиялық кездесу барысында солжақ жағалаудағы сырғанақ тебетін және қысқы спорттық құралдармен қамтамасыз етілген мұз қалашығының ашылғандығына өскемендіктер атынан алғыс сөздер айтылды. ШҚО әкімі тұрғындарға тікелей эфир, сондай-ақ, Интернет бойынша да берілген сауалдардың барлығына аймақтық БАҚ арқылы жауап қайтарылатыны турасында уәде етті.
Соңғы жаңалықтар