Темекі шегушілер РФ Президенті әкімшілігінің ғимаратын өртей жаздады
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Әкімшілігінің ғимаратында өрт болды. Оқиға сейсенбі күні Ескі алаңдағы ғимаратта орын алған,
деп хабарлайды РСН агенттігі.
Мемлекет басшысының Іс басқармасының баспасөз хатшысы Виктор Хректов кеше хабарлағандай, алдын ала пайымдау бойынша өртке сөндірілмей қалған темекі тұқылы себеп болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, кабинеттегі тұсқағаздар, үстел және жұмыс креслосы өртенген.
Хректовтың айтуынша, темекі тұқылы туралы долбар расталатын болса, әкімшілікте темекі шегумен күресті қатайту жөніндегі шаралар қабылданбақ.