Темекі тұқылын жерге тастаған ОҚО тұрғыны екі тәулікке қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны C.C. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы баппен ол 2 (екі) тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
None
None

Істі сот мәжілісінде қарау барысында Шымкент тұрғыны 21 шілде 2015 жылы шамамен 10.30 сағатта қоғамдық орында, яғни Шымкент қаласы, Ташметов көшесінің бойында темекінің қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдірген.

Сотта С.С. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін, темекінің қалдығын белгіленбеген жерге байқамай қалып тастағанын көрсетіп, алдағы уақытта осындай іс-әрекеттер жасамайтынын айтты.

Қаулы заңды күшіне енген, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар