Темір тордан 150-ден астам жазасын өтеуші босатылды
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - «Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру туралы» Заңға сәйкес жазасын өтеушілерді босату жұмысы жалғасуда. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.
2011 жылдың 25 ақпанындағы жағдай бойынша республиканың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 150-ден астам тұтқын босап шықты, тағы да екі мыңнан астам қылмыстық іс соттарда қаралып жатыр.
Алматы облысында 60-тан астам адам, Маңғыстау облысында 18, Атырауда 17, Солтүстік Қазақстанда 13, Шығыс Қазақстанда 15 жазасын өтеуші темір тордың ар жағынан босап шықты. Бас бостандығынан айырылған адамдарды босату жұмысы жалғасып жатыр.