Темір жол билеттері арқылы «ЭКСПО-2017» көрмесіне жеңілдіктер алуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа қызмет түрлерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Аталған компания таратқан ақпаратқа сәйкес, жолаушылар наурыз айынан бастап билет кассаларынан «Астана-ЭКСПО» дисконттық картасын сатып ала алады. Ол Тұлпар-Тальго пойыздарына 2017 жылдың соңына дейін 15 пайыздық жеңілдік береді. Сонымен қатар, кез келген демалыс күнінде ЭКСПО-ға кіретін премиум билеті қоса сыйға беріледі.

Аталған дисконттық картаны Астана, Алматы-1, Алматы-2, Карағанды, Актөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен, Атырау, Орал, Маңғышлақ, Павлодар, Петропавл, Кызылорда, Костанай, Семей және тағы басқа да қалалардың темір жол кассаларынан сатып алуға болады.

Бұдан бөлек, біртұтас қызмет арқылы жолаушының қалауы бойынша кез келген бағытқа темір жол билетімен бірге ЭКСПО билетін де қоса сатып ала алады.  Бұл ретте ЭКСПО-ға билеттің үш түрі ұсынылады. Біріншісі жұмыс күніне мерзімі көрсетілген билет. Оны алған жолаушы көрмеге баратын күнін өзі белгілейді. Екіншісі жұмыс күніне мерзімі көрсетілмеген билет. Бұл орайда жолаушы көрмеге кез келген жұмыс күні бара алады. Ал демалыс күніне мерзімі көрсетілмеген билет бойынша жолаушы көрмеге кез келген демалыс күні бара алады.

ЭКСПО-ға билет темір жол кассаларында бөлек сатылмайды 

Соңғы жаңалықтар