Теміртау қаласының салық басқармасының екі қызметкеріне қатысты пара беруге бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы бүгін өткізілген брифинг барысында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Қазбек Сағадиев хабарлады.
Қылмыстық іс Теміртау қаласының салық басқармасының бастығы мен бөлімнің бас маманына қатысты қозғалды, деп нақтылады ол. «Салық басқармасының қызметкерлері заңды тұлғадан 27 мың АҚШ доллары көлемінде пара талап еткен. Оның 7 мыңы ЖШС-тердің бірін жою жөніндегі салық тексерістерін жеделдете жүргізу үшін, 20 мың доллар басқа ЖШС-те бұзушылықтарды таппай салық тексерістерін жүргізу үшін қажет болған», - деп хабарлады Қ.Сағадиев.
Тергеу мәліметтері бойынша, салық қызметкерлері параны айырбастау бекеттері алудың қылмыстық кестесін де жасап шығарған екен.
«Қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілердің бірі тұтқындалды, екіншісінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды», - деп хабарлады Қаржы полициясы бастығының орынбасары.