Теміртауда аралық станциядан шыққан өрт салдарынан ондаған үй электр тоғынсыз қалды
ҚАРАҒАНДЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласында Солтүстік аралық станциядан шыққан өрт салдарынан ондаған үй жарықсыз қалды, деп хабарлады қалалық ТЖБ-да.
«Солтүстік аралық станциядағы трансформатор жанып кетті, соның салдарынан қаланың кейбір үйлері жарықсыз қалды. Қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Теміртау қаласының ТЖБ-да.
Сонымен қатар, Теміртауда дауылды жел 9-шы ықшамаудандағы екі бес қабатты тұрғын үйдің шатырларын жұлып әкетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты әзірге жөндеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік жоқ.
Қатты боран соғуына байланысты Қарағанды облысында дауылдық ескерту жарияланды. Облыстық ТЖД ақпараты бойынша, барлық бағытқа жолдар жабық.